3.1. Беріліс функциясы

 

Басқару жүйелерінің динамикалық сипаттамаларының бірі болып өтпелі функция саналады.

Түзу сызықты жүйенің жалпы дифференциалдық теңдеуін қарастырайық:

 

           (3-1)

 

Берілген теңдеуді Лаплас бойынша түрлендіріп, нольдік бастапқы шарттарды қабылдай отырып келесіні жазуға болады:

 

                   (3-2)

 

Шығыстың кіріске қатынасын алсақ, онда:

 

            (3-3)

 

 

Бұл бөлшек-рационалді функция және бұл беріліс функциясы.

Беріліс функциясы деп нысананың Лаплас бойынша түрлендірілген шығысының Y(р) Лаплас бойынша түрлендірілген кірісіне X(р) қатынасын атаймыз.

Беріліс функциясы нысананың белгілі бір торап бойынша динамикасын сипаттайды. Егер нысанада бірнеше кіріс болса, әрбір «кіріс-шығыс» байланыс торабы боынша өз берілісфункциясы болады.

 

Беріліс функциясының қасиеттері:

1.     Беріліс функциясы бөлімі мен алымы – р комплексті айнымалысына тәуелді көпмүшелер болатын бөлшек-рационалді теңдеу. Физикалық іске асу принципі бойынша , мұнда: m – беріліс функциясының алымындағы көпмүшелер реті (3-3), n – беріліс функциясының бөліміндегі көпмүшелер реті. Басқаша айтқанда, шығыстағы сигнал кірістегі сигналдан аспауы керек.

2.     (3-1) дифференциалдық теңдеудегі аn және bm коэффициенттері нақты сан, себебі олар реттелу нысанасының параметрімен анықталады, ал параметрлер әрқашан нақты сандар.

3.     Сипаттама теңдеуі деп аталатын беріліс функциясының алымы түбірге ие. Олар нақты және комплексті болуы мүмкін. Барлық комплексті түбірлер жұбы бойынша жуықталған.

Жүйенің кірісіне дельта-функция түріндегі сигнал жіберілген жағдайды қарастырайық.

 

                                                  (3-4)

 

Бұл функцияны Лаплас бойынша түрлендіреміз:

 

                                         (3-5)

 

Бұл жағдайда беріліс функциясы:

 

                                (3-6)

 

Егер жүйенің кірісіне дельта-функция түріндегі сигнал жіберілсе, онда шығысындағы сигнал импульсті-өтпелі функция k(t) болады.

 

                              (3-7)

 

Беріліс функциясы импульсті-өтпелі функцияның Лаплас бойынша түрленуі болып табылады.